Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы жалаңаш қыздың мүсіні өзгертілмейтін болды

Астанадағы жалаңаш қыздың мүсіні бірнеше уақыт бойы қызу талқыланып, әлем елдерін дүрліктірген еді. Сәулетшілер талқыға түскен мүсінді микроскпппен қарап, атақты суретшілер мен әкімдік өкілдері, тіпті мәдіниет министрлігінің өкілдеріне дейін тексеріп көрген еді, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

photo_24738-1024x576

Сурет: baistars.kz 

Нәтижесінде, мүсіншіні ресми түрде жаны таза адам деп таныды.

Тексеріс нәтижесінде, қыздың мүсіні біреудің назарын еріксіз аударатындай жалаңаш еместігін айтып, сондықтан оған түзетулер жасамайтын болып шешті. Мүсін Астана қаласында 10 жылдан астам уақыт бойы тұрғанымен, оны көпшілік биылғы жылы ғана сынай бастады. Тіпті, қала тұрғынының бірі мүсінді орамалмен жауып қойған еді. Ал, көркемдік кеңес Астанадағы даулы мүсінге қатысты шешім шығарған.

Комиссия мүшелері бұдан былай мұндай жағдайдың орын алмауы керектігін ескертіп, мәдени ескерткішті бүлдіргені үшін оған айыппұл салды.

Талқылау