Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем диктаторларының ең сұлу әйелдері (фото)

Авторитарлық көшбасшыларды кез келген нәрсе үшін сынауға болады, бірақ олардың жар таңдауына ешкім ештеңе дей алмайды.

Бұл әйелдер сирек ерекшеліктерімен қоса адал және сенімді серіктестер. Күйеулерінің кеңесшілері және қорғаушылары. Алайда әлемдік диктатордың бәрінің әйелі сұлу емес. Әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болған.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгінде Батыстың жек көрінішті президенті Асад сынға көп ұшырап жатыр. Бұрын оны зайырлы, білімді деп үлгі тұтқан. Көпшілігі оның жар таңдауда жолы болғанын айтып жүрді. Шындығында, Асма әл-Асад еуропалық мұсылман әйел. Ол Лондонда дүниеге келіп, сонда білім алған. Сондай-ақ, болашақ күйеуін де сол жерде кездестірді. 2000 жылы ғана, 25 жасқа келгенде өз отанына көшіп келді. Британдық азаматтығын сақтап қалды.

2011 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында  Асма әл-Асадқа бола үлкен дау туды. Американдық Vogue басылымы Асма туралы жағымды мақала жазған. Алайда, Асма бұл мақаланы жазғандарға ашуланып оны өшіртіп тастады. Сондай-ақ, мақала авторын 30 жылдық тәжірибесіне қарамастан жұмыстан шығарып жіберді. Кейінірек сол журналист тағы бір басылымда Асма туралы «тозақтың алғашқы ханымы» деп аталатын жағымсыз мақала жазды.

Леди Ангола Ана Паула душ Сантуш бұрынғы модель және бірінші әуе серігі болған. Қызмет барысында жүріп мемлекет басшысы Жозе Эдуардомен танысқан. Ана Пауланың күйеуі өзінен 20 жас үлкен. Бірақ, жас айырмашылық ол оны мүлде алаңдатпайды.

Бірде Ана Паула  қатты халықтың ашуына тиді. Анголада білім деңгейі тым нашар екенін, ұлын шетелде оқытатынын айтқан. Сондай-ақ, ол лауазымды тұлғалардың және жұртшылық, саясат пен бизнес саласындағылардың көңілінен шықпаған.

Әлемдегі оқшауланған елдердің бірі Солтүстік Кореяда, көшбасшы Ким Чен Ын «кенеттен» бірінші ханым Ли Сол Чжуды көпшілік алдына шығара бастады. Бұған дейін ел басшылары өздерінің әйелдерін ешқашан жарыққа шығармаған.

Егер Солтүстік Кореядағы әйелдерге ашық киінуге рұқсат етілмеген. Бірақ осы елдің бірінші ханымы күйеуінің қолын ұстап, тіпті қысқа көйлек киіп, елдің көзінше ерсі қылық көрсетіп күлген.

Ал бұл әйелдің Таяу Шығыстағы терең діни мұсылман елінен шыққанына ешкім сенбейді. Дегенмен, Рания Аль-Абдулла өзін «араб әйел» деп атайды және Батыс қоғамын араб әлемі мен исламға қызықтырады.

Ол үш баланың анасы, терең мұсылман елінде әйелдерге білім алуға және қайырымдылықпен айналысуға көмектеседі.

Оны «әлемнің ең әдемі патшайымы» деп атайды. Ерекше сәнді бірінші ханым көптеген жақсы істер. Ол әйелдердің, балалар мен отбасылардың құқықтарын белсенді қорғайды. Ақылсыз тыйым салуларға қарсы күресіп, басқа палестиналықтарды қорғап, тіпті жануарларды қорғау үшін белсенді әрекет етеді.

Келесі көрікті ханым Камерун президенті Поль Бияның жұбайы Шанталь Бия. Күйеуі одан 40 жас үлкен (82 жаста, 44 жас).

Камерундық жазушы бірінші ханым туралы кітап жазып, онда мемлекет басшысының жұбайын лашықтан сарайға келді деп сипаттаған. Жазушы кейіпкерді қорлағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Шанталь Бия ерекше шаш үлгісімен және экзотикалық стильде киінетіндігімен ерекшеленеді. Ол Диор мен Шанельді жақсы көреді. Сондай-ақ өте зайырлы ханым болып табылады. Әртүрлі кездесулерге, жоғары деңгейдегі іс-шараларға қатысып, кейбір шаларады өзі ұйымдастырады.

47 жастағы Свазиленд патшасы, Мввати III-тің, қазіргі уақытта 15 әйелі бар. Оның 12-ші әйелі жас сұлу Нтандо Дуб. Нтандо Әділет министрлігінің шенеунігімен көңіл қосып, бес жыл некелескен күйеуінің көзіне шөп салған.

Диктаторлардың әдемі әйелі туралы сөз қозғағанда 1960-1980 жылдардағы Филиппин басшысының әйелі Имельда Маркос туралы айта кетпеуге болмас. Бұл әйел сұлу ғана емес, сонымен қатар іскер дипломат. Елдің саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін оны «болат көбелек» деп атапк кеткен. Президент Фернандо Маркостың әйелі бола тұра, Имельда Еуропаның үздік сән үйлерінен киінетін.

Кино жұлдызына ұқсайтын Рим аристократы Клара Петаччи күйеуі Муссолиниден 30 жас кіші.  Ол оның заңды жұбайы емес. Фашистік диктатордың заңды әйелі Ракела. Ол күйеуіне өлелгенше адал болған.

Жіберіп алмаңыз:

Мектепте атыс болды: 17 адам қаза тапты (фото)

Бүгін жерге магниттік толқын түседі деп күтілуде

Бұрынғы қаңғыбас атақты аспазға айналып, айтулы марапатқа ие болды

Әуеде ұшып келе жатқан 363 жолаушы бар тікұшақ істен шықты

Талқылау