Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионы көршісінің түсіне бола коттеджінен айырылуы мүмкін

Алматы қаласында джиу-джитсу спортының чемпионы көршісінің қорқынышты түсіне бола коттеджінен айырылып қалуы мүмкін. Ырымшыл бизнесмен түсінде спортшының үйі өртеніп, оттың өз моншасын жалмап кеткенін көрген, – деп хабарлайды “КТК” арнасы.

59563

Барлығы осы түстен басталған. Спортшының көршісі тіпті сотқа шағымданған. Енді Ядгар Қасымов үйін бұзуы немесе басқа жерге көшіруі керек.

“Үйді толықтай бұзамыз. Дәл қазір шатырын бұзып жатыр. Біздің амалымыз жоқ. Олар келіп бульдозермен бұзады немесе біз өзіміз шетінен бұзамыз”, – дейді спортшы.

Джиу-джитсу чемпионы бұл соққының ережеден тыс екенін мойындайды. Жарыстан үйге қайта оралған Ядгар жаңалықты естіп, қайран қалған. Процессті әрең тоқтатып үлгерген. Барлығына көршісінің түсі себеп болған екен.

“Ол өзінің қорқынышты түс көргенін айтады. Айтуынша, біздің үй өртеніп, оның моншасы да жанып кетуі мүмкін”, – дейді спортшы.

Көршісі сотта қорқынышты түсінен бөлек, Ядгардың үйі өзінің қақпасына тым жақын орналасқанын айтқан. Ережеге сай 3 метр емес, 2,5 м қашықтықта орналасқан екен. Ал спортсмен осыдан 9 жыл бұрын үй салына бастағанда мүлдем бөлек стандарттардың болғанын айтады. Осы уақыт ішінде ешқандай келіспеушіліктер болмаған-ды.

“Бұл моншаның өмір сүруге құқығысы бар, ал біздің үйдің одан бір жері кем бе? Егер сот үкім шығарған екен, неге оның моншасы әлі күнге дейін тұр?! Оны да алып тастаулары керек қой. Біз көршімізге түрлі нұсқа ұсындық. Қақпаны көтеріп, тіпті үйді 60 см кері жылжыта алатынымызды айттық! Жоқ, ол үйдің толықтай қиратылғанын қалайды!”, – дейді Оксана Қасымова.

Монша Қасымовтың үйіне қарағанда, дуалға жақын орналасқан. Алайда бұл мәселе ешкімді қызықтырмайтын көрінеді. Осылайша көршісінің ұйқысын бұзбау үшін Ядгар спорттық дайындықтарын шетке ысырып, қолына құрал-сайманын алуға мәжбүр болған.

Талқылау