Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионатының ширек финалына шыққан командалар анықталды

Англия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалының матчында Колумбия командасын жеңді. Осылайша, 1/8 финалдағы соңғы екі ойында Швеция мен Англия құрамалары ширек финалға шықты.

Әлем чемпионатының ширек финалына шыққан командалар анықталды

Бұл туралы Lentа.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Англия мен Колумбия арасындағы ойын 3 шілде, сейсенбі күні Мәскеуде өтті. Кездесу кезінде командалар ұпайлармен алмасты.

Кездесу нәтижесі бойынша екі команда да тең түскендіктен, ширек финал жолдамасы пенальти сериясы бойынша анықталды. Колумбия құрамасынан Уриба мен Карлос Бакка пенальтиді сәтті орындай алмады, сондай-ақ, ағылшындардан Хендерсон қателесті.

Ал, үшінші шілде күні Швеция швейцариялықтардан басып түсіп, кездесуді 1: 0 есебімен аяқтады. Швейцарияны жеңген скандинавтар ширек финалда Англиямен ойнайтын болады. Олардың кездесуі 7 шілдеде өтеді.

1/4 финалдағы қалған жұптар келесідей үлестірілді:

Уругвай – Франция (6 шілде, 17:00)

Бразилия – Бельгия (6 шілде, 21:00)

Ресей – Хорватия (7 шілде, 21:00).

2018 жылғы әлем чемпионаты Ресейдің 11 қаласында өтуде, сондай-ақ әлем кубогы 15 шілдеде «Лужники» матчында аяқталады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау