Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын боксшылардың есімі белгілі болды (фото)

Күзде Германияда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын боксшылардың есімі анықталды. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170730143135

Бұл жолы Мырзағали Құланұлы бірқатар жас боксшыларға мүмкіндік беріп көрмек. Ал команда капитаны Әділбек Ниязымбетов жарақатына байланысты әлі жаттығу жұмыстарына қосылған жоқ.

20170730143201

Ұлттық құрама қазіргі кезде тауда соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. 2 тамыз күні ауыр жаттығулар аяқталады. “Жоспар бойынша төрт медаль алуды көздеп отырмыз” деген Айтжанов, 10 салмақ бойынша баратын боксшыларды атап берді.

20170730143144

“Он салмақ бойынша 10 боксшымды алып барамын. 49 келіде Ержан Жомарт, 52 келіде Азамат Исақұлов, 56 келіде Қайрат Ералиев, 60 келіде Әділет Құрметов, 64 келіде Бекдәулет Ибрагимов, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Әбілхан Аманқұлов, 81 келіде Ерік Әлжанов, 91 келіде Василий Левит және аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаевтан үміт күтіп отырмын”, – деді бас бапкер.

Оқи отырыңыз:

Головкин: Альварес қорқуды білмейтін жауынгер

“Барселона” шабуылшысы Неймар алаңда төбелес шығарды (видео)

Твумаси мен Кабананга «Астанамен» келісімшарттарын ұзартты

Мен сатқын емеспін: Қазақстандық боксшы не үшін Альвареспен жаттығып жүргенін түсіндіріп берді

Талқылау