Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем астаналары Бельгия туының түсіне боялды (фото)

Бұл түнде Берлин, Париж, Амстердам, Рим, Афины және тағы басқа қалалардың ғимараттары мен ескерткіштері Брюссельде болған лаңкестік әрекеттер құрбандарын еске алу  құрметіне Бельгия туының түстерімен жарықтандырылды.

1

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бельгия туының түстерімен жарықтандырылғандардың бірінің қатарында таяуда лаңкестік шабуылға ұшыраған Париждегі Эйфель мұнарасы бар.

2

Бұл бастаманы Берлинде де қолдады: мұнда неміс астанасының орталығындағы атақты Бранденбург қақпасы бельгиялық тудың түсіне боялды.

,3

Шабуыл құрбандарын Амстердамда да еске алды. Онда король сарайы жарықтандырылған.

4

Рим қаласында жарықтандыру Италияның ең үлкен Треви субұрқағының жанында, сондай-ақ Капитолий төбесінде ұйымдастырылды.

Көне Афинының бас шіркеуі – Парфенон да қаза тапқандарды еске алды. Бельгиялық тудың түсіне Дубай да боялды. Мексика астанасының билігі де бұл бастамаға қолдауын білдірді.

Еске сала кетейік, кеше Брюссельде бірнеше лаңкестік шабуыл орын алған. Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8-дің шамасында Брюссель әуежайында қатарынан екі жарылыс болды. Кейінірек тағы бір жарылғыш зат қала метросында іске қосылған. Оқиға салдарынан 30 адам қаза тауып, 230-дан астам адам жарақаттанды.

Талқылау