Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Әлем аруы» байқауына қатысып жатқан қазақстандық қыз өзінің трансгендер-бәсекелесімен фотосын жариялады

«Әлем аруы» байқауына Қазақстан атынан қатысып жатқан Сабина Әзімбаева өзінің инста-парақшасында испаниялық бәсекелесімен түскен фотосуретін жариялады. Ол қыз қатысушылардың ішінде жалғыз трансгендер болып табылады екен, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

https://www.instagram.com/p/Bq1O1gIFvSo/

Сабина жүктеген фото астына «міне, испаниялық алғашқы трансгендер қатысушымен де фото», – деп жазба қалдырған.

Айта кетсек, 2012 жылдан бері «Әлем аруы» байқауына трансгендерлерге қатысуға рұқсат берген. Осылайша испаниялық трансгендер Анджела Понса өз еліндегі сұлулық байқауының жеңімпазы атанып, ендігі әлемдік байқауда жеңіске қол жеткізгісі келеді.

Ал Қазақстан атынан байқауға қатысатын Сабина Әзімбаева Бангкок қаласына үш күн бұрын барған. Ендеше отандасымызға қолдау көрсетіп, әлемдік байқауда сәттілік тілейік.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау