Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алексей Ни: Қытайлармен Риода есеп айырысатын боламыз

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни допинг дауына қатысты туындаған сауалдарға жауап берді.

ыыыы

Сурет wfrk.kz

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

“Мен мұны жел сөз деп білемін. Қытайлармен Риода есеп айырысатын боламыз. Біз Чиншанлодан басқа да тосын сыйларды дайындап отырмыз. Қытайлықтарға жеткізіңіздер, біз күресуге дайынбыз. Барлығын Рио, алаң көрсетеді. Лас жолмен емес, нағыз шайқаста мықтылықтарын көрсетсін”, – деді Ни.

Ол ауыр атлетикада ақпараттық соғыс кең етек алғанын атап өтті. Нидің сөзінше, мұндай әңгіме Париждегі әлем чемпионатынан соң да болған. Бапкер Зулфия Чиншанлоның топ жарып шығатындығына сенімді.

“Спортшылар жаттығуға, зілтемірді көтеруге ғана емес, интернеттегі шабуылдарға да төтеп беруге қауқарлы адамдар. Чиншанло Лондонға дайындалып жатқанда (олимпиадаға дейін ол Азия ойындары мен екі әлем чемпионатында биіктен көрінген) интернет арқылы қытай журналистері шабуыл жасады. Ол шабуыл Парижде алтын алған соң тіпті өршіп кетті. Ақыры оларды одан сайын таңқалдырып Лондон олимпиадасында әлем рекордын орнатты”, – деді бас бапкер.

Алексей Ни интернеттегі Чиншанлоға қатысты допинг дауына сенбейді. Ол бұл ақпарат әрі қытай интернеті арқылы тарап жатса, онда бұл түсінікті нәрсе дейді.

“Біздің Қытаймен “достығымыз” Лондоннан соң бұзылды. Олар сол кезде біліпті қыздарының бізге кетіп қалғанын. Ал 2007 жылы сол қыздар біздің елге келгенде іздеу салса қайда қалды. Неге 5 жылдан соң бір-ақ естеріне түскен”, – деді ұлттық құраманың бас бапкері.

Еске сала кетсек, Чиншанлоның олимпиада алтынынан айырылуы мүмкін екені туралы қытайлық China Post басылымы хабарлаған еді. Мұндай дау Илья Ильинге қатысты да өрбіді. Әзірге спортшыларға тағылған айыпқа қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Ал Зулфия Чиншанло Талдықорғанда өтіп жатқан ауыр атлетикадан ел чемпионатының алтын жүлдесін иеленді.

Талқылау