Алексей Ни кешегі уәдесін орындады

Бейсенбі, 11 Тамыз , 2016 7:23

Есебі қате кетпейтін Алексей Ни кеше журналистерге “ертең 1 алтын, 1 күміс аламыз” деген уәде берген еді. Бүгін сол уәдесін толығымен орындады,- деп хабарлады Қазақпарат тілшісі.

бапкер

Кеше ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни тілшілерге сұхбат беріп, “ертең 1 алтын, 1 күміс медаль аламыз” деп сендірген болатын. Айтқаны келіп6 бүгін ауыр атлеттеріміз бір алтын, бір күміс медаль олжалап, Рио төрінде қазақтың әнұранын бір шырқатты.

Бүгін ауыр атлетикадан 69 келіде бірінші болып сынға түскен Жазира Жаппарқұл күміс жүлдегер атанса, 77 келідегі әлем чемпионы Нижат Рахимов алғашқы алтынды ел қоржынына салды.

Енді ауыр атлеттеріміздің бәсекесі үш күн үзілістен кейін, яғни тамыздың 15-і күні қайта жалғасады. Бұл күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 16 тамыз таңғы сағат 04:00) +105 келі салмақтағы зілтеміршіміз қызылордалық А. Зайчиков ел намысын қорғайды.

Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде дзюдодан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Сметов ел қоржынына күміс жүлде салса, 48 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында жарысқа қатысқан Отгонцэцэг Галбадрах Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал үшінші медальді қоржынға ауыр атлет Фархад Харки салды.

Ол ерлер арасындағы 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын.  Олимпиаданың төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта төртінші медальді ел қоржынына салса, бүгін Олимпиаданың бесінші күні екі ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов пен қазақтың қызы Жазира Жаппарқұл 1 алтын, 1 күміс медаль олжалап6 мерейімізді бір көтеріп тастады.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Жұмбақ жан
3 ай 27 күні кері

Жарайсындар тек кана алга женистерин коп болсын биз сиздерге сенимдимиз колдаймыз!

Анонимно
3 ай 27 күні кері

Алга

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар