Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алексей Ни қазақстандықтарды Илья Ильинді қолдауға шақырды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни жастардың Илья Ильинді кумир тұтулары өте дұрыс және солай етуді әрі қарай жалғастыра беру керектігін айтты.

img

Фото: prosportkz.kz

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

“Ильин – ол бөлек жұлдыз. Ондай адамдар жүз жылда бір рет туады. Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде. Ол талант. Музыкада Моцарт мен Майкл Джексон қандай болса, Ильин де спорттағы сондай тұлға. Ол Бейжің мен Лондонда чемпион атанғаннан кейін қаншама жас ауыр атлетикамен айналыса бастады. Ол жастарға үлгі болатын тұлға. Осы олимпиадада Ильин мен Нуриддиновтың тартысын көру өте қызық болар еді. Қазір көп адам допинг дауынан соң Ильядан теріс айналып, ыңғайсыз пікірлер айтуда. Бұл дұрыс емес! Оны әрқашан қолдау керекпіз!”, – деді Ни.

Ол допинг мәселесінің Лондонға қатысы бар болып шықса, онда ол олқылықтардың орынын Токиода толтырамыз деді.

“Маған Илья, Манеза, Чиншанлоларды қанша уақытқа спорттан шеттетінін білу маңызды болып тұр. Егер тым көп уақыт берсе, онда олар лицензия алып үлгере алмай қалады. Егер олар Токиоға бара алмай қалса, онда бұл өте ауыр болмақ. Олар жәй адамдар емес, олимпиада чемпиондары. 12 жасынан бері зілтемір көтерген Илья барлық жүлдені жеңіп алған. Әлгі препараттарды Илья да, қыздар да қабылдаған жоқ. Біз өз құқығымызды қорғаймыз. Олимпиада енді ғана аяқталды, күрес енді басталады”, – деді Алексей Ни.

Бұған дейін Алексей Ни бас бапкерлік қызметте қала беретінін мәлімдеген болатын. Ал бірер күн бұрын Ильяның бұрынғы, қазіргі таңда Александр Зайчиков пен Денис Улановтың бапкері Ержас Болтаевтың, Ниге қатысты жағымсыз әңгіменің шетін шығарған еді.

Рио олимпиадасында ауыр атлеттерден 77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ниджат Рахимов алтын алып, (69 келі) Жазира Жаппарқұл олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ, қола жүлдені ауыр атлеттер Корина Горичева (63 келі),Фархад Харки (62 келі),Александр Зайчиков (105 келі) иеленген.

Еске сала кетейік, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қазақстандық төрт олимпиада чемпионының қанынан допинг тауып, сайыстардан уақытша шеттеткен болатын.

Талқылау