Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алексей Ни бүгінгі сайыста бір алтын мен бір күміс алып беруге уәде берді

Қазақстандық ауыр атлеттердің бас бапкері Алексей Ни бүгін жарыс жолына шығатын Жазира Жаппарқұл мен Нижат Рахымовқа үміт артып отыр. Әлем чемпинатында Жазира күміс жүлдені жеңіп алса, Нижат алтын алқаны иеленген болатын,- деп хабарлайды Vesti.kz сайты. 

ни

Өз сұхбатында Ни алдымен Рио-Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізген Карина Горичеваның дайындығы жайында айтып берді.

«Шыны керек, Карина намысты қолдан бермейтін спортшының мінезін көрсетті. Үлкендер арасында ылғи төртінші мен бесінші орындардан жоғары көтерілмейтін. Ол Манезаның дублеры болды. Ал Олимпиадада жеңіске жету үшін әлем чемпионаттарында көріну керек. Елисеева мен Горичева ондайдан өтпеген. Соның өзінде Карина жүлдеге ілігіп отыр», – дейді  Ни.

Ал Жазира Жаппарқұл мен Нижат Рахымовтың жарыс жолына шығуына байланысты бас бапкер: «Менен «алтын» мен «күміс», – деп қысқа ғана қайырды.

Айта кетейік, түнгі сағат 00:30-да 69 келіге дейін әйелдер арасындағы бәсекелер басталады. Осы сайыста Жазира Жаппарқұл өнер көрсетеді. Ал 04:00-де 77 келіге дейін ерлер арасындағы жарыста Нижат Рахымов сынға түспек. Тікелей эфирді «Қазақстан» арнасы көрсетеді.

 

Талқылау