Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алексей Ни: Ауыр атлеттерімізді сайыстан шеттету – көре алмаушылық

Ауыр атлеттерімізді сайыстардан бір жылға шеттеткелі жатқан халықаралық ұйымның әрекетін Алексей Ни барып тұрған көре алмаушылық деп атады. Оның ойынша, олимпиадаға үлкен үмітпен барған сегіз зілтеміршінің бесеуінің бірдей жүлде алуы басқа елдердің қызғанышын туғызған, – деп хабарлайды ктк арнасы.

690a25656f928ae219b8ea66226bd5ae

Онсыз да өзінің басынан дау арылмаған ауыр атлетикадан бас бапкеріміздің бұл кезекті жанжалға қатты қобалжи қоймағаны көрініп тұр. Қазақстанды бір жыл бойы жарыстардан шеттетуді қарастыруын халықаралық федерация допинг даумен байланыстырса, Алексей Ни атлеттеріне бұл жолы да шаң жуытар емес. Айтуынша, Рио жарысындағы жетістігімізді көре алмаған елдер біздерге шара қолдануды талап еткен. Яғни, еліміз осы жанжалдың кесірінен алда болатын Азия чемпионатынан құр қалуы мүмкін. Десе де, өзінікі дұрыс деп дес бермеген Ни осы үзілісті пайдаланып келесі жылдың аяғында өтетін әлем чемпионатында күш атасын танытамыз деп отыр.

Талқылау