Алексей Луценко "Алматы турының" бірінші кезеңінде топ жарды

Сенбі, 30 Қыркүйек , 2017 23:00

“Алматы турының – 2017” веложарысының бірінші кезеңінде қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко жеңімпаз атанды.

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Веложарыс биыл екі күнге созылып, екі кезең бойынша өтеді. Алексей мәре сызығын бірінші болып кессе, екінші орынға француз Реми де Григорио ие болды. Үшінші болып мәре сызығын ирандық Мирсамад Пур Сейед Голакхур кесті.

“Астана” велоклубы спортшыларының бірі Бақтияр Қожатаев мәре сызығына төртінші болып жетті.

Жарыстың екінші кезеңі 1 қазан күні “Халық Арена” маңынан басталып, велошабандоздар “Шығыс айналма жолы – Әл-Фараби” шеңберімен жүреді. Ал финалдық бөлігі Тұңғыш Президент саябағынан “Медеу” мұз айдынына дейін жалғасып, жеңімпаздар сонда анықталады.

“Алматы турының” жылдағы жүлде қоры – 39 900 еуро. Жарыс жеңімпазы 15 000 еуро алатын болады.

Айта кетейік, Алексей Луценко “Алматы туры” жарысының үш дүркін жеңімпазы.

Оқи отырыңыз:

Түрмеден шыққан ММА шебері қарсыласын нокаутқа түсірді

Головкин-Альварес кездесуі бокс тарихында ең көп табыс тапқан үшінші жекпе-жек атанды

Ақтөбелік спортшы әлемді мойындатты

Джейкобс Головкинмен екінші рет кездесу үшін НВО арнасымен келісімшарт жасады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар