Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Александр Зайчиков Қызылордадағы облыстық музейге спорттық формасын тарту етті

Бүгін, Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиковпен кездесу өтті.

20160907174615

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Шара барысында белгілі ауыр атлет жарыстан алған әсерімен бөлісіп, Риода марапаттау салтанатында киген спорттық формасын музей қорына тарту етті.

????????????????????????????????????

Сонымен қатар, кездесуге қатысқан студенттер, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері спортшыға сұрақтар қойып, оған тұшымды жауап алды.

20160907174618

????????????????????????????????????

Сондай-ақ, Олимпиада жүлдегері музейдің құрмет кітабына өз қолтаңбасын қалдырып, Қызылорда облысы әлеуметтік саласының дамуы залымен танысты.

Айта кетейік, ауыр атлет Александр Зайчиков Риодағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында 105 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, қоссайыс қорытындысы бойынша 416 келіні еңсеріп, Қазақстан қоржынына қола жүлде салған болатын.

Оқи отырыңыз:

Қызылорда облысының әкімі зілтемірші Александр Зайчиковке темір тұлпар мінгізді

Александр Зайчиков мектепті қазақ тілінде бітірген

Қызылордада әлем чемпионы Зайчиковке 3 бөлмелі пәтер берілді

Талқылау