Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Александр Машкевич дағдарыс кезінде адамдарды жұмыстан шығармауға уәде берді

Бүгін Павлодар облысының әкімдігінде кезекті меморандумға қол қою барысында белгілі миллиардер, Еуразиялық топ менеджерлер кеңесінің төрағасы дағдарысқа қарамастан адамдарды жұмыстан босатпауға және өзіне артылған әлеуметтік міндеттерден бас тартпауға уәде берді.

7dbc2f07b66f2d031e31125d33f

Сурет kapital.kz

Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

“Қазірде барлық металлургтер мен тау-кен саласында жұмыс істейтін адамдар күрделі кезеңді өткеруде. Бұл жағдай көбінесе Қытайда тұтыну көрсеткішінің күрт төмендеп кетуімен байланысты. Соңғы 15 жылда әлемде тұтынатын тау-кен қазушы ресурсы шикізатының 50 пайыздан астамы Қытайға жіберілген. Дүние жүзінде миллиондаған адам жұмыстан қуылуда. Мәселен, көптеген компанияларға үлгі болған Anglo American дағдарыс кезінде 150 адамның 80-ін жұмыстан босатқан. Жаппай жұмыстан қысқарту Қытай, АҚШ және Еуропа елдерінде орын алуда. Біз осыған қарамастан, өз қызметкерлерімізді сақтап қалудамыз. Бұған қоса, дағдарыс кезінде барлық топтардың жалақысын шамамен 14 пайызға көтердік”, – деді А. Машкевич.

Бұдан басқа, олигарх Еуразиялық топ тұрғын үй бағдарламасы бойынша өткен жылы салуға уәде берген құрылысты қолға алмақ екенін атап өтті.

“Еуразиялық топтың шамамен 35 пайыз қызметкері 35 жасқа толмаған. Біз бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін арттыруды көздеп отырмыз. Сауатты әрі білікті мамандарды тарту үшін не істеуге болады? Ең бастысы, оларға баспана ұсыну керек”, – дейді миллиардер.

Бүгінде Павлодар облысында сегіз үйдің құрылысы басталды. Нақтырақ айтсақ, Павлодар қаласында – 89, 124 және 90 пәтерлік, Ақсу қаласында – 80, 70, 50 және 50, сондай-ақ Екібастұз қаласында 70 пәтерлік тұрғын үй бой көтермек.

Талқылау