Алдын ала хабарланбаған: Екі Корея басшысы екінші рет кездесті

Оңтүстік және Солтүстік Корея елінің басшылары қайта кездесті. Алайда бұл кездесу жайлы алдын ала хабарланбаған. Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин екі ел шекарасында, қарусыздандырылған аймақта кездесті.

Алдын ала хабарланбаған: Екі Корея басшысы екінші рет кездесті

Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бұл КХДР басшысы Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің екінші кездесуі. Алғашқысы сәуір айының соңында орын алған еді.

Ким Чен Ын әскери-демаркациялық шекарадан өтіп Оңтүстік Корея аймағына өткен алғашқы Солтүстік Корея елінің басшысы атанды.

Екінші кездесу де Пханмунджом жерінде, алайда бұл жолы КХДР аймағында өтті.

Айта кетейік, Сеул мен Пхеньян арасындағы байланыс осыдан бірнеше ай бұрын қалыпқа келе бастады. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты қалыпқа келтіру идеясы Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Иннің алғашқы кездесуі кезінде жүзеге аса бастады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар