Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлдекім бомба қойылғанын мәлімдеді: Алматыдағы сот орнының қызметкерлері эвакуацияланды

Алматы қалалық сотының қызметкерлерін сейсенбі күні таңертең эвакуациялады, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Әлдекім бомба қойылғанын мәлімдеді: Алматыдағы сот орнының қызметкерлері эвакуацияланды

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сәйкес, қалада 19 сот орны бар. 

"Сот орындарына құзырлы органдар тексеріс жүргізетіні туралы ақпарат келіп түсті. Сот орындарында жұмыс жүргізу ісі тексеруге байланысты атқарылмай тұр. Қосымша ақпарат жарияланады", - деп мәлімдеді қалалық соттағылар.

Белгілі қазақстандық адвокат Джохар Өтебеков Facebook-тегі "Қазақстан заңгерлері" тобында жазды.

"Әлдекім Алматы қаласының барлық сот орындарында бомба барын жариялады, адамдар сот ғимараттарынан шығарылып жатыр. Алдымен сот процесінің болатын-болмайтынын сұрап алыңыздар", - дейді Өтебеков.

Адвокат Құндыз Оспанның айтуынша, Бостандық аудандық сотында сейсенбі күнгі отырыстың бәрі кейінге қалды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр