Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Алдараспан” театры Қостанайлықтарды екінші рет алдап кетті

Қостанай қаласының тұрғыны Арайлым Торғайқызы “Алдараспан” театрының концертке билет сатып, артынша аталған концерттің белгісіз себептерге байланысты болмай қалғанын айтты. Бойжеткеннің сөзіне сенсек, театр тарапынан жұртқа ешкім түсініктеме бермеген.

13551742_278699502484893_1241901235_n Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. “Атышулы "Алдараспан" театрының Қостанайда бүгінге жоспарланған концерті болмай қалды. Театр тарапынан ешкім де ештеңе де түсіндірген жоқ. Әсіресе "Туканы" көреміз деп келген аға-апаларымыз қатты ренжіп отыр. Мен де осы концертке ауылдан ата-анамды шақырып, гүлімді құшақтап келіп едім. Көңілім су сепкендей басылды да қалды. Жиналған көрерменнің айтуынша, "Алдараспан" театры Қостанай халқын осымен екінші рет концерттен құр қалдырып отыр екен. Өткен жылы да билеттер сатылып концерттің болмай қалғанын айтып апаларымыз налып отыр. Кейбіреулері "Мүмкін әртістер келіп қалар" деп билеттерін тапсырмай әлі де күтіп отыр”, - дейді ол. 13562005_257431901300562_1069734152_n Дәл қазір театр концертінің не себепті болмай қалғаны белгісіз. Тіпті, бұл мәселемен ешкім айналысып жатпаған көрінеді. Ал билетте жазылған 8 775 326 85 85 нөмірі сөндірулі. Мұнымен қатар, өзге қаланың тұрғындары да дәл осындай оқиғаның 2-3 жыл бұрын болғанын айтып жатыр.
Жіберіп алмаңыз: “Алдараспан” әзіл-сықақ театрының танымал актрисасы дүниеден озды Әріптестерімен ренжіскен Жұлдызай Дүйсенбиева қайда жүр Қазақстандағы көпбалалы жұлдыздар Нұржан Төлендиев алтыншы рет әке атанды
Талқылау