Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Алдараспан” әзіл-сықақ театрының танымал актрисасы дүниеден озды

Талайды жанды өнерімен тамсандырған актриса Гүлжанар Сазанбайқызы өмірден озды.

image Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. "Бүгін Оңтүстік шоқ жұлдызы, өнерлі де, талантты қызы Гүлжанардан айрылып қалды. Қанша мадақтасақ та жарасатын, ақылды да парасатты Гүлжанарымыз биыл тұрмысқа шығып, ана болуға дайындалып жүрген еді. Бірақ сұм ажал оны арамыздан алып кетті. Бәрімізге де ауыр тиді бұл қаза, жаның жаннатта болсын деуден басқа амалымыз жоқ", - деп жазды актрисаның әріптесі Айнұр Ақбаева Facebook-тегі жеке парақшасында. Актриса “Алдараспан” , “Шаншар”, “Шымкент-шоу”сынды  әзіл-сықақ театрларда өнер көрсеткен. Облыстық Қазақстан-Шымкент телеарнасында бірнеше жыл тележүргізуші болып қызмет атқарған.
Талқылау