“Алдараспан” әзіл-сықақ театрының танымал актрисасы дүниеден озды

Талайды жанды өнерімен тамсандырған актриса Гүлжанар Сазанбайқызы өмірден озды.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Бүгін Оңтүстік шоқ жұлдызы, өнерлі де, талантты қызы Гүлжанардан айрылып қалды. Қанша мадақтасақ та жарасатын, ақылды да парасатты Гүлжанарымыз биыл тұрмысқа шығып, ана болуға дайындалып жүрген еді. Бірақ сұм ажал оны арамыздан алып кетті. Бәрімізге де ауыр тиді бұл қаза, жаның жаннатта болсын деуден басқа амалымыз жоқ”, – деп жазды актрисаның әріптесі Айнұр Ақбаева Facebook-тегі жеке парақшасында.

Актриса “Алдараспан” , “Шаншар”, “Шымкент-шоу”сынды  әзіл-сықақ театрларда өнер көрсеткен. Облыстық Қазақстан-Шымкент телеарнасында бірнеше жыл тележүргізуші болып қызмет атқарған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар