Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алданған сүйіктілері жігітті зорламақ болған

Жігітті бұрынғы және қазіргі сүйіктісі пәтерге шақырып, фаллоимитатордың көмегімен зорлаған. Мұнымен қатар, денесіне көптеген жарақат түсірген.

600x401_0_7d39052b852f5836b78d120da660dc16-800x535_0x59f91261_1276375021394186391

Фото: womanbook.com.ua

Бұл туралы “Ресей жаңалықтары” хабарлайды.

Мәскеу қаласының екі бойжеткені “ортақ” сүйіктілерін көздеріне шөп салғаны үшін жазалап, тәнін жарақаттап, көшеге жалаңаш күйінде қуып жібермек болған.

“Жігітті бұрын және қазір жүріп жүрген қыздары пәтерге шақырған. Сол пәтерде әлгі жігітті фаллоимитатордың көмегімен денесін тілімдеп, көшеге жалаңаш күйінде қуып жіберді”, – дейді агенттіктің қызметкері.

Жігіт өзіне жедел жәрдем шақырмайынша, көшеде біраз уақыт жалаңаш жүруге мәжбүр болған.

Мәскеу қаласы БТБ ТК жетекшісі Юлия Иванова тергеушілердің екі бойжеткеннің үстінен қылмыстық іс қозғап, жазаға тарту мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. Иванованың айтуынша, екі әйел де кінәсін мойындаған.

Талқылау