Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алданған үлескер болудан қорыққан. Жаңа пәтер кілтін алған зейнеткер Назар Жакееваның әңгімесі

11 жыл бұрын Астана қаласына көшіп келген Назар апаның басты арманы өзінің жеке пәтерін алу болған еді. Уақыт өте ол арманы да орындалды. Зейнеткер алдымен Байтерек маңындағы «Светлый» тұрғын үйінен пәтер алған. Өзі жұмыс істейтін мектеп те сол үйінің қасында еді. Назар апай физика пәнінен мұғалім болып келе жатқанына 40 жыл болған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алданған үлескер болудан қорыққан. Жаңа пәтер кілтін алған зейнеткер Назар Жакееваның әңгімесі

Жаңа пәтер алуға келгенде, оған барлық туыстары мен көршілері «БАЗИС-А» құрылыс корпорациясына назар аударуға кеңес берген. Өйткені бұл компания туралы тек жағымды пікірлер қалыптасқан. Назар апайдың айтуынша, үйге деп жинақтаған қаражаттары аз болғандықтан бір бөлмелі пәтерде тоқтауды жөн санаған. Құрылыс компаниясының кеңсесіне келген апайға менеджер сатып алушының сұранысына сай пәтер тауып берген. Ол пәтер «Millennium Park» тұрғын үйінен болды. Пәтерді алуға рұқсат алған зейнеткер барлық құжаттарды тексеріп, үйдің құрылысына қатысты қосымша қағаздармен мұқият танысты.

Ең бірінші құрылыс жұмыстарын жүргізуге берген рұқсатнамаға мән берді. Оларсыз құрылыс компаниясы заң аясында тұрғын үй сала алмайды. «Millennium Park» тұрғын үйінің Т қорының кепілдігін алғанын біліп қатты қуанды. Демек тұрғын үйдің мерзім бойынша пайдалануға берілетінін түсінеді, өйткені ТҮҚКБҚ мемлекеттің жүз пайыз кепілдігіне ие болып отыр. Әрі кез келген жағдайда үйдің құрылысы аяқталады.

Алданған үлескер болудан қорыққан. Жаңа пәтер кілтін алған зейнеткер Назар Жакееваның әңгімесі

Назар апай үйдің құрылысы аяқталуын 4 ай күтіп, биылғы жылдың сәуір айында пәтердің кілтіне ие болды. Жаңа үйге Назар апай қызы екеуі көшіп келді. Ендігі зейнеткер осы құрылыс компаниясынан тағы бір пәтер алуды жоспарлап отыр.

«БАЗИС-А» құрылыс компаниясы Қордың кепілдігін 2017 жылдың мамыр айында алған, әрі 10 айға жетпей тұрғын үй құрылысын аяқтады.

«Үлестік құрылыс туралы» заң бойынша құрылыс компаниясы тек үш жағдайда ғана үлескерлердің ақшасын пайдалана алады. Үлескерлер үшін олардың ең сенімдісі Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры арқылы берілген кепілдік болып табылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау