Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы үш күнде Қазақстанның кей жерлерінде нөсерлі жаңбыр болады

[:kk]

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде нөсер жаңбыр мен батысында аптап ыстық күтіліп отыр, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

11292859
Сурет newskaz.ru
"Ауа райының өзгеруі республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында байқалады, мұнда оңтүстіктен өте жылы және Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан салқын әрі ылғалды ауа массалары кездеседі. Осындай "кездесу" қуатты түйдек-жаңбырлы бұлттылықтың өрістеуіне жол беріп, сонымен бірге жаңбыр, кей жерлерде, әсіресе таулы аудандарда нөсер жаңбыр күтіледі, бұршақ түсуі және ауа температурасының көптен күтілген төмендеуі ықтимал", - делінген хабаралама. Республиканың батысын қоспағанда қалған бөлігінде суық атмосфералық ағындардың әсерімен кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасының аздап төмендеуі болжанып отыр. Қазақстанның батыс облыстарына тропикалық ауа райы келіп жетті. Алдағы үш тәулікте мұнда өте ыстық және құрғақ болып, ең жоғары температура 33-41 градусты көрсетеді.[:]
Талқылау