Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы үш күнде еліміздің кей аймақтарында қар жауады

Осы аптаның 1-3 желтоқсан күндері еліміздің кей аймақтарында қар жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

18cc3cd5db8ab4e5189a29f6addf223d

«Алдағы үш күнде республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасынды қар жауып, күшті жел соғады. Еліміздің батысы мен орталығына қар жауады», – дейді синоптиктер.

Мамандардың болжамынша, аталған өңірлерді күндізгі температура минус 3 — плюс 3ºС болып, көктайғақ болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігінде 2 желтоқсанда күндіз, 3 желтоқсанда оңтүстік-шығысында температура плюс 2…плюс 10ºС дейін көтеріліп, жауын-шашын түседі, жаңбыр жауып, соңы сулы қарға ұласады. Сондай-ақ, екпінді оңтүстік-батыс желі де күтілуде. Сондықтан да синоптиктер жолдарда, әсіресе қала сыртында өте абай болуды ескертеді.

Талқылау