Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы уақытта Қазақстанда ауа температурасы жоғарылайды

Республика аумағында күн жылынып, қар жауып, боран соғады көктайғақ болады деп күтіледі.

1480504911_vorobi-ptichki-perya-zima

Қазақстан аумағының басым бөлігі дерлік 19-21 қаңтар аралығында антициклонның ықпалында болады. Ауа температурасы: батысында күндіз 5-15, түнде 10-22 аяз; солтүстік-батыс күндіз 7-15, түнде 15-25 аяз; солтүстігінде және орталығында түнде 18-28, күндіз 8-16 аяз;  шығысында түнде 25-30, солтүстік-шығыс облыстарында түнде 15-20, күндіз 7-17 аяз; оңтүстік аймақтарда түнде 5-10, кей жерлерде 15-20 аяз, күндіз 0-5 жылы, кей жерлерде 1-6 аяз.  Астана қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желінің екпіні 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде —20-22°C, күндіз —10-12°C болады.

Талқылау