Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауады

18-20 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Сонымен қатар синоптиктер көктайғақ болып, тұман тұтады деп болжап отыр.

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Синоптиктер болжамынша, елімізге суық арктикалық ауа массасының  келуінің салдарынан күн суытып, жауын-шашын болады. Әсіресе, Қазақстанның барлық дерлік аумағында қар жауады.

«Алдағы үш тәулікте ауа райының күрт өзгеруі күтілмейді. Бұрынғыдай көптеген облыста жауын-шашын, әсіресе қар, көктайғақ, тұман және ауа температурасы қазіргі уақыттағы қалыпты температурадан 3-5°С төмен болады. Тек республиканың батыс облыстары атмосфералық қысым көтеріледі. Сондықтан мұнда  жылы және жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы күндіз 12-20°С-қа дейін жылынады», – делінеді хабарламада.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау