Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы көктемде Алматы тағы да су тасқынының астында қалуы мүмкін

Биыл көктемде де Алматыда күн күрт жылынса қыста түскен қалың қар қалаға қауіп төндірейін деп тұр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

20160510190552

Сондықтан төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тасқынның алдын алуға қазірден бастап қамдануда. Қалада қызыл су басуы мүмкін қауіпті 65 аумақ бар екен. Олар Алатау, Наурызбай, Жетісу, Түрксіб аудандарында. Сондықтан төтеншеліктер техникаларын сайлап, тасқынға тас-түйін дайын отырмыз дейді.

Тіпті кейбір өзен арналары бекітіліп, арықтар қоқыстан тазартылып жатыр. Бұдан бөлек тұрғындарға су ағатын жерлерге қоқыс тастамау туралы ескерту жасалған. Өйткені ауа-райын болжаушылар наурыз айынан бастап күн күрт жылынатынын айтуда.

“Қазірден бастап қауіпті аумақтарды бақылауға алдық. Яғни аудандық әкімдік қызметкерлері мен төтенше жағдай мамандары әрдайым кезекшілікте болады. Бұдан бөлек оқыс оқиға бола қалған жағдайда әрекет ету жоспары жасалды. Азаматтарды эвакуациялайтын орындар дайындап, қажетті құрал-жабдықтарымызды әзірлеп қойдық”, – дейді Алматы қалалық ТЖД бөлім бастығы Константин Канин.

Оқи отырыңыз:

Семейлік оқушы қыздардың сүйісіп тұрған сәті елді шошытты (видео)

Жамбыл облысында тұрғын үй алдына бір жасар сәбиді хат жазып тастап кеткен 

Оралда қоқыс арасында жалғыз тұрып келген әжейдің бармақтарын кесуі мүмкін

Талқылау