Алдағы күндері елімізде 45 градус аяз болады

Синоптиктер 5-7 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады. Алдағы күндері елімізде 45 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды Stan.kz.

Алдағы күндері елімізде 45 градус аяз болады

«Қазгидромет» РМҚ мәліметінше, Жайық аймағынан жылжып келе жатқан атмосфералық фронттармен және Қазақстанның басым бөлігіндегі оңтүстік циклонның салдарынан, алдағы күндері қар жауып, бұрқасын болып, күшті ұйытқымалы жел соғады. Еліміздің оңтүстік облыстарында тұман және көктайғақ күтіледі.

Алайда қар жауғаннан кейін, Карск теңізінде орналасқан антициклонмен байланысты Қазақстанға арктикалық ауа массалары таралып, республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 35-45°С қатты аяз болады. Күннің суытуы оңтүстік облыстарға дейін таралады.  Мұнда ауа температурасы кей жерлерде 22-30°С-қа дейін төмендейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр