Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы үш күндегі ауа райына болжам жасады.

 e81e01c38e3ef67059316feaae8c564e_XL
«Арктикалық теңіз жағалауынан Қазақстан аумағына салқын әрі ылғалды ауа ығысады. Сондықтан, республиканың көптеген облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауды, ауа температурасы климаттық нормадан 2-5ºС төмен болды. Тек республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысында ауа температурасы нормадан жоғары болды», – деп хабарлайды синоптиктер.

Республика аумағында алдағы үш тәулікте солтүстіктен ауа массалары ығысады. Соның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түседі. Екпінді жел соғып, ауа температурасы нормадан 3-5ºС төмен болады деп болжануда.

Тағы да оқыңыз:

Биыл елімізде қандай мамандықтарға грант саны көп беріледі?

Олжас Сүлейменовтің қызы жартылай жалаңаш киінгені үшін елдің сынынан қалды (фото)

Ваннада телефонмен сөйлеспек болған 14 жастағы қыз көз жұмды

Талқылау