Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері еліміздің кей өңірлерінде күн ысып, өзге аймағында жаңбыр жауады

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік және батыс облыстарда, батыстан келетін атмосфералық суық фронттардың өтуінің әсерінен, жаңбыр күтіледі.

8363154

Сурет: РИА Новости

Солтүстіктің түкпірінде нөсер, күн күркіреп кей жерлерде бұршақ болуы күтіледі. Температура көпжылдық белгіге жақын, республикамыздың батысында ол белгіден 3-5ºС төмен.

Қазақстанда 11-13 маусымда оңтүстікте ыстық, солтүстікте жауын жауады деп күтілуде деп хабарлайды “Қазгидромет”.

“Қазақстанның оңтүстік облыстарында құрғақ және аптап ыстық болуда. Температураның шырқау шегі 32-38º, жекелеген аудандарда 40-42ºС жетуде. Республикамыздың шығысы мен орталығында да аптап ыстық, күндіз 30-35º,  бұл әдеттегіден 3-7º жоғары.Бірақ бұл аймақтың кей жерлерінде найзағайлы көшпелі жаңбыр жауып өтеді”,-делінген хабарламада.

Кеше Алматыда 40-градусты ыстыққа байланысты дабылды ескерту жарияланған. Еліміздің кей аймағында алдағы үш күнде 43ºС-қа дейін аптап ыстық болады деп болжанды.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік және батыс облыстарда, батыстан келетін атмосфералық суық фронттардың өтуінің әсерінен, жаңбыр күтіледі. Солтүстіктің түкпірінде нөсер, күн күркіреп кей жерлерде бұршақ болуы күтіледі. Температура көпжылдық белгіге жақын, республикамыздың батысында ол белгіден 3-5ºС төмен.

Талқылау