Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы демалыс күндері елімізде күн 35 градусқа дейін ысиды

Алдағы демалыс күндері елімізде күн 35 градусқа дейін ысиды. 19-21 мамыр аралығындағы ауа райына болжам жасаған синоптиктиктер осылай деп отыр.

Алдағы демалыс күндері елімізде күн 35 градусқа дейін ысиды

Бұл туралы «Қаззгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, елімізде 19-21 мамырда антициклон әсерінен барлық өңірде күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Ал Батыс Қазақстан аумағында күн 35 градусқа дейін ысиды.

«Кіші Азия аймағынан ауа ағымдары Қазақстанның батысына жылжуда. Соның салдарынан ауа температурасы +30…+35 градусқа дейін көтеріледі.

Ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде демалыс күндері түн суық болғанымен, жексенбіде күндізгі уақытта күн +25+30 градусқа дейін ысиды», – делінеді хабарламада.

Оқи отырыңыз:

Бір ұрып құлатамын: Отандық шоулардың бірінде келін атанғысы келіп жүрген қыздар төбелесіп, шаш жұлысты (видео)

Қарағанды облысында ақшадан қысылған құтқарушы өз туысын тонап кеткен

ОҚО-да биіктігі 200 метр болатын алып мұнара құлағалы тұр

Денесінің 50 пайызы қатерлі ісікпен зақымдалған сәбидің анасы дәрігерлер үшін опық жегенін айтты

Талқылау