Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы демалыс күндері жел соғып, жаңбыр жауады

11-13 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамынан хабардар болыңыз, деп хабалайды Stan.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады. Кей өңірде найзағай ойнап, жел соғады. Бұршақ жауады деп болжанды.

Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде ауа температурасы нөлден жоғары 5-15, күндіз 15-23 градус болады.  Батыста өткінші жаңбыр жауады. Найзағай ойнайды деп болжануда. Аздаған жаңбырдан соң күн қайта жылынады.

Синоптиктер 7 бірдей облысқа ескерту жариялады.

Түркістан, Қостанай, СҚО облысында, Петропавлда, Тараз қаласында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Ақтөбеде желдің жылдамдығы 18 м/с болмақ.

Алматы, ШҚО, Жамбыл облысында жаңбырдан соң өзен суы көтеріледі деп болжанды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау