Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы демалыс күндері елімізде күн жылынады

Синоптиктер 8-10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың болжамынша, Сібір антициклонының тау сілемдері сақталғанымен, оның әсері әлсірейді.

Алдағы демалыс күндері елімізде күн жылынады

Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Республика аумағының басым бөлігі бұрынғыдай Сібір антициклонының ықпалында болғанымен, тропосферадағы ауа ағындары өз бағыттарын солтүстіктен батысқа ауыстыра бастады. Сондықтан алдағы демалыс күндері ауа температурасы көтеріледі деп болжанып отыр.

Орталық Азия бойынша Жерорта теңізінің шығысынан циклондар жылжып, олармен байланысты атмосфералық фронттар еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысына жауын-шашын, көбінесе қар, тұман және көктайғақ әкеледі.

Сонымен қатар Қазақстанның батыс өңірінде жауын-шашын, көбінесе қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Сонымен қатар басқа аумақтармен салыстырғанда, ауа температурасы төмен болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау