Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы 10 жылда “Тұрғын үй жинақ банкі” 4,5 млн шаршы метрлік үй тұрғызбақ

Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар  қызметінде болған брифинг барысында ҚТҚЖБ басқарма басшысы  Айбатыр Жұмағұлов мәлім етті.

n9h5sy8q «Несиелік  тұрғын үйдің  құрлысына бөлінген қаржы 20 жылға берілген. Мұндай құрлыс Қазақстанның барлық аймақтарында жүргізіледі. Бұл ретте қаржының обороттық циклы 1,5-2 жылға арналған. Алдағы 10 жылда 4,5 миллион шаршы метрлік тұрғын үй құрлысын аяқтау  жоспарлануда»,-деді «Қазақстан тұрғынүй жинақ банкі» АҚ басқарма басшысы. Қаржыны қайтару  тұрғызылған үйді ҚТҚЖБ сатып алыған клиенттердің төлемінен жүргізілмек. Еске салсақ, осы жылдың 10-шы ақпаны күні үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы  Нұсұлтан Назарбаев тұрғынүжинағы жүйесінің маңыздылығын ескере отырып, «Бәйтерек» ҰБХ арқылы 149 млрд. теңге  қаржыны несиелеу бойынша бөлуді бұйырған еді. Қалған 127 млрд.теңге  екі бағыт бойынша несиелік баспанаға бөлінуі керек еді. 67 млрд. теңге  жергілікті атқарушы  органдар арқылы, 60 млрд. теңге  «Бәйтерек девелопмент» арқылы. «Бұл барлығымыз үшін жақсы жаңалық. Барлығы 2 жылдың ішінде  Президенттің бұйрығы бойынша бөлінген қаржыға  814 мың  шаршы метрлік баспана тұрғызылатын болады. Ол дегеніңіз 14 мың пәтер»,-деп атап өткен Айбатыр Жұмағұлов. Оның сөзінше баспаналар  «Бәйтерек деволопмент» жүйесі бойынша  тұрғынүйжинақ банкінің салымшыларына таратылады. Салынып біткен  аймақтардағы үйді жергілікті атқарушы орган тарататын болады. Ол жерде салымшы барлық қаржының 50 пайызын төлеп бітуі тиіс. «Бәйтерек  девелопмент» АҚ қойған талаптар бойынша баспананың бір шаршы метрі  180 000 теңге, бұл аймақтардың бағасы. Астана мен Алматыда 200 000 теңге. Жергілікті атқарушы орган қойған баға бойынша  аймақтардағы баспана құны 140 000 теңге. Ал Астана мен Алматыда  180 000 теңгеден.    
Талқылау