Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері елімізде күн суытады

Синоптиктер 21-23 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады. Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері елімізде күн суытады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап. 

Алдағы күндері Қазақстанның көптеген облысыела жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жауып, желдің күші 15-25 м/с жетіп, күн салқындайды. 

Аталған метеорологиялық құбылыстар алдымен полярлық, артынша арктикалық суық фронттардың өтуімен байланысты болады. Еліміздің батыс облыстарында Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймағынан антициклон жылжып, оның республика арқылы жылжуының әсерінен кезеңнің соңында солтүстік, оңтүстік және орталық облыстарда жауын-шашын түсуі тоқтайды деп күтіледі. 
 

Талқылау