Альбина Шардарова енді Қуандық Рахыммен дуэт айтпайтынын мәлімдеді

Қуандықпен бірге дуэт айтып, халықтың жүрегінен орын тапқан Альбина Шардарова бүгінде жеке шығармашылығын дамыту үстінде. Алайда ол енді Қуандықпен бірігіп сахнаға шықпайтынын мәлімдеді.

Альбина Шардарова енді Қуандық Рахыммен дуэт айтпайтынын мәлімдеді

Бұл туралы Stan.kz Hit-Tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Қуандық өз жолымен, мен өз жолыммен кеттім. Шығармашылығымызды байланыстырамыз деп ойламаймын”, – дейді Альбина.

Әйткенмен Шардарованың шоу-бизнестегі өзге азаматтармен дуэт құрып жүргені белгілі. Альбина Жігер Ауыпбаев, Ердос Қанаев сынды өнер иелерімен бірігіп сахнаға шықты. Айтуынша, мұндай ұсыныстар оған көптеп түседі.

“Қазір дуэттерге көп ұсыныстар түседі. Олардың арасынан таңдап, ойланып айтып жатырмыз”, – дейді Альбина.

Шардарова өзінен кейінгі қыздарға өнерінен бұрын жүріс-тұрысымен үлгі болғысы келетінін айтты.

“Көбінесе қыз балалар пікірлер жазып жатады. Сізге ұқсағым келеді дейді. Сондай сөздер мені қанаттандырады. Мен өзімді барынша жақсы көрсетуге, жабық киінуге, қысқа, ашық мүлде кимеймін. Осы қалпымды сақтап қаламын”, – дейді Альбина.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр