Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлбина Джанабаева өзінің Меладземен қатынасы туралы бірінші рет айтты

Ресейлік актриса әрі әнші Әлбина Джанабаева бірінші рет Велери Меладзе екеуінің қарым-қатынасы туралы айтып берді.  Тіпті бір кездері ешкімнің жүрегін ауыртқысы келмегендіктен, сүйіктісімен ажырасуға шешім қабылдамақ болған екен.

image

Меладзе өзінің заңды жұбайынан 2014 жылы кеткен. Ол уақытта әншіге Джанабаева Лука атты екінші бала сыйлаған болатын. Валерий мен Әлбина қарым-қатынастарын көпшіліктен жасырып, бір-бірі туралы да айтпауға тырысатын.

Жанабаеваның айтуынша, олар осы әрекеттері үшін көп сын естіген. Әнші бір кездері бәріне көз жұмып, ешкімнің жүрегін ауыртпау үшін кетіп қалмақ болған.  Меладземен қарым-қатынасын үзсе де, әнші өзіне қайтып оралған.

uzn_1405944270

“Біздің Валерий екеуіміздің қарым-қатынасымыз оны тоқтатпасқа амалымыз болмайтындай дәрежеге жетті. Алайда қолымыздан келмеді. Оның өзінің отбасы болды, қазір ойлана келе ешкімнің жүрегін ауыртқым келмейтінін түсіндім. Мен мұны шын жүректен айтып отырмын. Бірақ екеуіміздің осы күнге көп кедергіден өтіп жетуімізге, бір-бірімізді осыншама сыйлап үйренуімізге тағдырымыз себепші болған сияқты”, – деп әнші Әлбина Джанабаева өткен өмірінде болған келеңсіз оқиғаларға өкінбейтінін жеткізді.

Жұмыс пен үй арасында шауып жүрген әнші барынша балаларына уақыт бөлуге тырысады. Оның айтуынша, үлкен ұлы Костя сабырлы, зерек болса, кіші Лука өте белсенді. Мұнымен қатар, кіші ұлының мінезі Валерий Меладзенікіне қатты ұқсайтындығын жеткізді.

скачанные файлы

Естеріңізге сала кетсек, Валерий Меладзе бірінші жұбайымен заңды түрде 2014 жылдың қаңтар айында ажырасқан болатын. Бірінші жұбайынан Инга, Софья, Арина есімді үш қызы бар.

Талқылау