Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда банк қызметкері тұрмысы төмен отбасыларды алдап несие алғызып өзі төлемей кеткен

Оралда өзіне сенген адамдарды алдаған 1991 жылғы А. есімді азаматша ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

1057439576

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен Асылай Ғұбашеваның хабарлағанындай, ол қаладағы банктердің бірінде қызмет жасай жүріп, алаяқтықпен айналысқан, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, тұрмысы төмен, қаражатқа мұқтаж жандарға көмектесемін деп уәде беріп, банктен қомақты көлемде қаржы алғызып отырған. Біріне 200 мың теңге, келесісінен 500 мыңға дейінгі көлемде ақша алғызған. Содан кейін несиені өзім төлеймін деп, соның орнына азды-көпті қаржы ұсынған. Орал қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында аталған азаматшаның осындай жеті қылмысқа барғаны анықталды. Тергеу амалдары жалғасып жатқандықтан, оның жасаған алаяқтығы бұдан көп болуы да әбден ықтимал.

Айта кетейік, биылғы сегіз айда өңірде алаяқтық қылмысы бойынша 576 дерек тіркелсе, соның 426-сы белгілі болып отыр. Яғни қылмыстың ашылу көрсеткіші – 74,5 пайыз.

Өкінішке қарай, алаяқтықтың түрі көп, біреуге қарыз беріп, оны қайтарып ала алмай жүрген адамдар да аз емес.

Жіберіп алмаңыз: 

Алматыда өлі күйінде табылған әйелді зорлады деген күдікпен 24 жастағы жігіт ұсталды

Теміртауда топқа бөлініп төбелескендер ұсталды

Алматыда қоқыстан басы мен қолы табылған адамды өлтірді деген күдікпен екі жігіт ұсталды

Алматыда банк қызметкерін өлтірген күдікті ұсталды

Талқылау