Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алаяқтық жасаған алматылық полицейге 4 миллион теңгеден аса айыппұл салынды

Алматылық полицей алаяқтық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Алматы қаласының Жетісу аудандық №2 сотында алаяқтық жасаған полиция қызметкеріне 4,329,000 теңге айыппұл салу туралы үкім шықты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Алаяқтық жасаған алматылық полицейге 4 миллион теңгеден аса айыппұл салынды

Жетісу аудандық сотының мәліметінше, Алматы ІІД-нің жергілікті полиция қызметкері 2018 жылдың ақпан айында заң бұзған жәбірленішіні алдап кеткен.

Тәртіп сақшысы жәбірленушінің «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің нормаларын аз білетінін пайдаланып, алдау жолымен одан 80 000 теңге алған. Полиция қызметкері жәбірленушіні осылайша, әкімшілік жауапкершіліктен құтылып, жүргізуші куәлігін сақтап қалуға болады деп алдаған.

Қала тұрғынын алдап-соққан полиция қызметкері «Алаяқтық» жасағаны үшін сот алдында жауап берді. Ол аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленбестен мемлекеттік қызметте лауазымдық қызмет атқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ, ол аға сержант лауазымынан айырылып, 1800 АЕК мөлшерінде, яғни 4 329 000 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау