Алаяқтығы үшін 2 жыл бойы іздеуде болған қазақстандық Германиядан экстрадицияланды

Бүгін Бас прокуратура қызметкерлері Қазақстан Интерполымен бірлесіп, қылмыстық жауапқа тарту үшін Германиядан Хагай Изгияевті экстрадициялады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алаяқтығы үшін 2 жыл бойы іздеуде болған қазақстандық Германиядан экстрадицияланды

Оны 1,5 миллион АҚШ доллары (557 млн теңгеден аса) көлемінде алаяқтық жасады деген күдік бойынша Алматы қалалық полиция департаменті 2016 жылдан бастап іздестірген болатын.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Оған осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта Изгияев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар