Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алаяқтар Ninety one тобының атынан байқау өткізіп жатыр

Белгісіз біреулер инстаграм желісінде Ninety one тобының атынан парақша ашып, байқау өткізген.

image

Фото: instagram.com/91ninetyone.kz/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Инстаграм әлеуметтік желісіне azamatzenkayev.kz логинімен тіркелген қолданушы топ атынан байқау өткізіп жатыр. Алайда бұл қолданушының топқа еш қатысы жоқ екен. Дәл қазір өзінің парақшасын да өшіріп үлгерген. Десе де, топ продюсерінің әйелі Асыл Беделхан Eaglez-дарға кішігірім мәлімдеме жасап, алаяқтардан сақтануға шақырды.

Аталған байқаудың шарты бойынша желі қолданушылары өзіне жаңа парақша ашып, белгілі хэштег бойынша өзі туралы жақсы мәліметтер беруі тиіс екен. Артынша топ жігіттері сол мәліметтердің ішінен өздеріне ұнағанын таңдап, сол адаммен сөйлесуге уәде берген-ді.

13827481_169746266777374_1637549269_n

Десе де шартында қате кетіп, топтың тыңдармандары сұрақ жаудырған. Арасында Асыл Беделханнан да сұраған. Осыдан кейін әнші кішігірім мәлімдеме жасап, тыңдармандарды сақтандыруды жөн көрген.

“Eaglez, мен сіздерден сақ болуларыңызды өтініп сұраймын! Бұл сайыстың топтың ресми парақшасына – @91ninetyone.kz еш қатысы жоқ! Мұны біз ұйымдастырмадық”, – дейді Асыл Беделхан. Бұдан кейін желі қолданушыларының көңілі түсіп, сайысқа атсалысып үлгергендерін айтты.


Жіберіп алмаңыз:

Ninety one бейнебаяндарының “ауылдық” нұсқасы шықты (видео)

“Ninety one” әншісі арам пиғылды журналистердің өзін пайдаланбақ болғанын айтты

Ninety one тобының солистері бес жаққа тарады

“Діндарлар” Ninety One тобының шайтанды “насихаттайтынын” айтады (фото)

Талқылау