Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алаяқтар банк картасындағы ақшаны WhatsApp арқылы ұрлап жатыр

Сингапурдағы банк ассоциациясы өзінің ресми сайтында Android тұғырнамасы бар ұялы телефон қолданушыларын жаңа вирус барын ескертті.

whatsapp-hero

 

 

Ол фирус WhatsApp жаңартудың жалған үлгісі қолданылады деп.

Ұйымның басшысы Онганг Ай Бун хабарлауынша, сертификатталмаған бағдарламаның жаңартуын қондыру жеке мәліметтерді енгізуді сұрайды. Оның ішінде банк карталарының қатысты сұрақтар да болады. Осы ақпараттың барлығы осы жалған вирусарқылы алаяқтарға  түседі.

Тіпті, алаяқтар  түрлендірілген бағдарламалар көмегімен  бір рет пайдаланылатын СМС хабарламаларды да ұстай алады. Әсіресе интернет арқылы сауда жасап, ақысын банк картасымен төлем жасайды. Сонда банктердің өз клиенттеріне жіберген хабарламаны алаяқтар алып отырады.

Негізі WhatsApp-қа әлеуметтік желі Facebook ие.  Оны Марка Цукерберг 2014 ақпанында хабарлаған. WhatsApp –  Facebook-тің соңғы кездегі ең үлкен ымырасы болып табылады. Сатылымның шарты  бойынша $4 млрд және қолма қол  $12 млрд бағаланған. Сонымен қатар, алдағы 4 жылда WhatsApp қызметкерлері мен негізін қалаушыларға $3 млрд шектеулі акциялары беріледі.

WhatsApp айлық аудиториясында жарты миллиар қолданушылар бар, оның 700 миллионы Facebook желісінікі.

2015 жылдың үш тоқсанның нәтижесінде WhatsApp Ресейде ең үздік мессенджер болып саналды.

Талқылау