Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алаяқ зейнеткердің 300 мың теңгесін гипноздың көмегімен тартып алған

Алматыда зейнеткерлерді әкімдіктің қызметкерлеріміз деп алдап, ақшасыз қалдыратын алаяқтардың саны артып келеді. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Cуфия Ілиясова шынымен де гипнозда болғанын айтады. Оның 300 мың теңгені басқа адамның қолына еш қарсылықсыз бере салуын гипнозбен ғана түсіндіруге болады.

Зейнеткер алаяқты кездестірген күнді жақсы біледі. Ол қажетті заттарды сатып алу үшін жалғыз өзі сыртқа шыққан болатын. Ал қайтар жолда жанына бір әйел ілесіп келген. Суфия Ілиясованың айтуы бойынша, ол дүкеннің жанында өзін әкімдіктің қызметкерімін деп таныстырған ер адамды кездестірген. Ер адам оның хәл жағдайын сұраған. Сосын тағы да бір қызметкер келіп, әжені үйіне шығарып салуға ұсыныс білдірген.

“Ол менен: Ақшаңыз бар ма? Осындай жасқа келіп майда жинайсыз ба? – деп сұрады. Мен әр зейнетақымнан 10 мың теңге жинап қоятынымды айттым. Қазір 300 мың теңгем бар екенін жеткіздім. Ол менен: Олар қайда жатыр? деп сұрады. Мен қазір алып келемін дедім. Сенесіз бе?! Міне! Әрбір 10 мың теңге шүберекке оралған еді. Ол: Шүберектерді алып тастап, ақшаны маған беріңіз,- деді. Мен барлық ақшамды бердім”, — дейді зейнеткер.

Алаяқ әжеге өзін Гүлмира деген атпен таныстырған. Ол зейнеткердің үйінде 13 минут қана болған. Сол уақыттың ішінде 300 мың теңгені ұрлап үлгерген.

Қонақ кеткеннен кейін Ілиясова полицияға хабарласпақ болған. Бірақ нөмірін ұмытып қалған. Көршісінің нөмірін әрең дегенде есіне түсірген.

“Қазір криминалды полиция бөлімінің барлық құрамы осыған бағытталған. Бұл әйел криминалды істе бірінші күн жүрген жоқ болар. Мүмкін қарияларға қатысты осындай бірнеше қылмысты жүзеге асырған шығар”, — дейді Алматы қаласындағы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Зейнеткер осы жағдайдан кейін үйінде жалғыз қалуға қорқып қалған.

 

Талқылау