Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Алаяқ Канело”: Мэйвезер Головкиннің қарсыласына қатысты мәлімдеме жасады

Америкалық боксшы Флойд Мэйвезер-кіші Сауль Альварес пен UFC балуаны Конор Макгрегор туралы пікірін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Алаяқ Канело": Мэйвезер Головкиннің қарсыласына қатысты мәлімдеме жасады

Мэйвезер негізінен “Канелоның” Геннадий Головкинмен жекпе-жек алдында допинг қабылдағанын еске алды. Естеріңізде болса, соның салдарынан жекпе-жек тек қыркүйек айында өткен болатын.

“Канело” менімен жұдырықтаспас бұрын тыйым салынған зат қосылған стейк жеді ме, жемеді ме, маңызы жоқ. Ол бәрібір менің мансабымдағы ең жеңіл жекпе-жек болды. Конор Макгрегок алаяқ “Канелоға” қарағанда әлдеқайда мықты қарсылас”, – деп мәлімдеді Мэйвезер.

Айта кетейік, қыркүйек айында өткен жекпе-жекте судьялардың шешімі бойынша Альварес Головкинді жеңіп, WBA Super және WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы жаңа әлем чемпионы атанды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау