Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Алау” тобы тыңдармандарын жаңа әнімен қуантты (видео)

“Алау” тобы кезекті бейнебаяндарының тұсауын кесті. Бейнебаян “Жаным бол” атты Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған әнге түсірілген.

image
Фото: instagram.com/alautoby_official/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Баян Есентаева жұртқа әлі күнге дейін жүзін көрсетпеді. Десе де, продюсер ханым жұмысқа кірісіп кеткенін білдіріп жатыр. Ол өзінің желідегі парақшасында кезекті жаңалығын бөлісті. Өзі жетекшілік ететін “Алау” тобы “Жаным бол” атты әндерінің тұсауын кескен екен. Аталған әннің сөзін Ринат Зайытов, ал музыкасын Бауыржан Бимахан жазған. Туынды - “Өгей жүрек” телехикаясының саундтрегі. Естеріңізде болса, бұл телехикаяда Кәмшат Жолдыбаеваның ойнайтыны туралы хабарлағанбыз. Ал бейнебаянды екі күн ішінде 27 мыңға жуық адам көрген. Көпшілік туындының көңілдерінен шыққандығын айтып жатыр.
Жіберіп алмаңыз: “Алау” тобының телефонға түсірген бейнебаяны үздік деп танылды (видео) “Алау” тобы ұялы телефонға түсірген бейнебаяндарының тұсауын кесті (видео) “Алау” тобының “Гүл әпше” әні ұрланған болып шықты (видео) “Алау” тобы Шымкент сұлуларына арналған “Гүл әпше” әніне бейнебаян түсірді Есентаева халыққа “Алау” тобын таныстырды
Талқылау