Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алатауда 50 жыл бойы кездеспей кеткен қар барысы екі күшігімен жасырын камераға түсіп қалды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Алатау сілемдерінде екі күшігін ертіп жүрген қар барысы жасырын камераға түсіп қалды.

Алатауда 50 жыл бойы кездеспей кеткен қар барысы екі күшігімен жасырын камераға түсіп қалды

Бұлт туралы 24.kz хабарлайды.

Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің инспекторлары бұдан бөлек тағы екі Түркістан сілеусінін таспаға басып алған. Жыртқыштар бұл өңірде соңғы 50 жылдан бері кездеспей кеткен еді. Табиғат сақшылары бұл аңдар шамамен 2-2,5 жасар деп отыр. Өйткені қорықшылар тура екі жыл бұрын «Ақкезең» шатқалынан қар барысын кездестірген. «Бұл соның балалары болуы мүмкін», -дейді.

Қар барысы негізінен Гималай, Памир, Тянь-Шань, Алтай мен Үлкен Кавказ тауларын мекендейді. АлТүркістан сілеусінінің дене бітімі барыстан шамалы ғана кіші. Тұқымы құри бастаған екеуі де Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Енді екі жыртқышты да толық зерттеуге боладыдейді мамандар. Елжан Аманов, «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркінің бас маманы: – Қазіргі кезде күн ысыған сайын қар барысымыз да, Түркістан сілеусіні де бәрі жоғары кетеді. Өйткені күн ыстық кезде аңдар жоғары көретіледі. Олардың қоректенетіні арқар, тау ешкі, жабайы шошқа және елік болатын. Ал олар жоғары жерде жүреді.

 

Талқылау