Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алатау бөктеріндегі қардың еруінен Алматыны тағы да су шаюы мүмкін

Алатаудың бөктеріндегі көлдер аптап ыстыққа байланысты Алматыға қауіп тудыруы мүмкін. Синоптиктердің болжамы осындай. Қазір таудағы бірнеше көлге қалқымалы сусорғыш орнатылып, суы сыртқа ағызылып жатыр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

кеке

Синоптиктердің болжауынша, осы жазда ауа температурасы жоғары болады. Сондықтан таудағы қар мен мұздықтардың еруі ондағы көлдердің толып кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Қазіргі уақытта Үлкен және Кіші Алматы, сондай-ақ, Ақсай өзендері бастау алатын қауіпті көлдерге қалқымалы сусорғыштар қойылған. Соның көмегімен 15 күн ішінде су деңгейін біраз төмендетуге болады екен.

Сонымен қатар, ең қауіпті саналатын №6 және №13-ші көлдерді де қалыпты жағдайға келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Талқылау