«Алаш» қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейхан құпия масондық ұйымының мүшесі болған

«Алаш» қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейхан құпия масондық ұйымының мүшесі болған. Мұны Қазақстанда алғаш құрылған осы топтың мүшесімін деген Сергей Кравченко мақтанышпен айтады.

Ал тарихи тұлғаның атымен аталған «масондық ложа» өз қатарына қосу үшін Алаштанушы ғалымдарды үгіттей бастапты. Ондағы мақсат не екені белгісіз. Сондай-ақ осыдан бірер жыл бұрын құрылған күмәнді топтың нақты немен айналысып жатқанын және көксегені не екенін бүгінге дейін ешкім білмейді. Құпия қоғам жайында ізденген Еуразия бірінші арнасының тілшісі осы  ұйымға мүше танымал әншілердің бірімен тілдесіп көрді.

Бұл үш жыл бұрын Алматыда ашылған масондық ұйымның мүшелері. Сол кезде отандық ақпарат құралдарын у-шу етіп дүрліктірген топ өздері Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов атымен аталамыз деп масаттанған. Бірақ неге екені белгісіз, олар өздерін құпия ұйымның мүшелеріміз дегенімен суреттегі адамдардың түрлері айқын көрінеді. Арасында танымал әнші Иван Бреусовтің да бары байқалады. Өзінен сұрағанымызда, әнші үш жылдан бері «масондық ложаның» мүшесі екенін айтты.

«Өзім осы ұйымының құрамында болғандықтан, Қазақстан жерінде құрылған ложа туралы бәрін білемін. Қазір олардың саны 4-еуге жетті. Бұл топқа қалай қосылып жүрсің деп сұрайтындар көп. Шынымды айтсам, өзімді ұзақ іздедім. Шіркеулерде болдым, түрлі рухани жиындарға қатыстым. Бірақ өзімді осы жерден таптым» – дейді әнші Иван Бреусов.

Өкініштісі масондықтардың Қазақстан бойынша ашып отырған бұл бөлімшесіне Ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейханов аты-жөнінің берілуінде болып отыр. Ғалым Сұлтанхан Аққұлының  сөзіне қарағанда, Әлихан Бөкейханов Алаш Орда үкіметін құруға талпынған шақта бұл ұйымға мүшелікке кіргені рас. “Себебі, сол кездегі саны 6 миллионға жеткен қазақ халқын жойылып кету мен жұтылып кетуден сақтау үшін Әлекең массон ложасының әлемдік саясаттағы беделіне сүйенгісі келді, қазаққа теңдік әперуді көздеді” дейді ол.
«Әлиханның мақсаты – масон ұйымына кірген себебі ең алдымен патшалық держанваны құлатып, сүйтіп Ресейді түбегейлі реформалап, содан барып Қазақстан өздерінің автономиясын құруы» – әлихантанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы.

Бір қызығы, Алматыда құрылған құпия масондық ұйымының мүшелері Сұлтанханға келіп, өздерінің қатарына қосылуды өтініпті. Бірақ ғалым мақсат-мүддесі қазақ қоғамына мүлде түсініксіз бұл бөлімшенің ұсынысынан бас тарттым дейді.

«Ресейдегі масон ұйымының филиалы ретінде құрылыпты. Соның жетекшісі келіп, мені Алматыдағы Әлихан Бөкейханов атында ұйымға кіруге шақырды. Мен дәл қазір ғалым ретінде құпия ұйымға кіруге уақытым да жоқ, құлқым да жоқ» – әлихантанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы.

Кейбір сарапшылар бұл ұйымның елімізге 15-жыл бұрын келгенін айтады. Дегенмен заңды түрде үш жыл бұрын ресми ашылған «масондар ложасы» туралы естіп-білетіндер некен-саяқ. Кейбір деректерге сүйенсек, бұл  әлемдегі ең үлкен ұйым. Олардың рәсімдері мен ішкі тәртібі еш жерде жарияланбайды. Ал екіншілер олардың ешбір саяси маңызы жоқ деп санайды. Дегемен профессор Бүркітбай Аяған Алматыда ашылған ұйымның ашылуына заңды түрде рұқсат берілгенмен ол қазақ ұлыларының есімін пайдаланып, өздерінің жымысқы саясатын жүзеге асырушылар болуы да мүмкін екенін айтады.

«Олар заң бойынша құруға құқығы бар. Және қалай атаймын десе де, өздері біледі. Бұл арада олар ҚР заңдарын бұзбауы керек қой. Ал ішіне кіріп, олардың не армандап, не ойлап жүргенін біліп отырған жөн болар еді, қазақ баласына. Ұнамайды екен деп, шетке тебе берген тағы жақсы емес. Өйткені олар астыртын ұйым болса, не істейсің?» – дейді мемлекет тарихы институтының директоры, профессоры Бүркітбай Аяған.

Ғаламторда олардың негізгі идеясы- жер-жаһанда Құдай патшалығын орнату десек, төртінші ұйымның қазақ жерінде нені мақсат еткені өздеріне ғана аян болып тұр. Өйткені құпия ұйымға қатысты тексеру жүргізген жауапты органды байқамадық.
«Масондық қозғалыс дінге жатпайды. Олар саяси немесе діни мақсаттарды көздемейді. Сол себепті, біз масондық қозғалыстан бейхабармыз» – ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілі Бақытжан Күлекеев.

Осы тақырып бойынша зерттеу жүргізгенімізде, өткен жылы Астанада масондық ұйымның тағы бір бөлімшесі ашылғанын анықтадық. Өздерін Елорданың символы Бәйтеректің атымен атайды екен. Себебі монументінің дәл төбесінен қараған адам құрылыстың түбіндегі 8 қырлы жұлдызды байқай алады. Бұл Вифлеем жұлдызы деп аталатын иудейлық-масондық символ екен-мыс

Ғаламтор бетінде олардың сайтын да кездестірдік. Онда өздерінің жиындарынан жаңалықтардан бастап қалай масон болудың да жолдары бар. Бірақ, кез-келген адам оның мүшесі бола алмайды. Өйткені құпия ұйымға қосылғысы келген адам жалақыға тәуелді жұмысшы емес, кәсібі өрлеп тұрған ауқатты азамат болуы тиіс екен. Осыдан-ақ олардың бөтеннің тапқан қаражатынан күн көріп отырған ұйым ба, деген ойға жетелейді. Дегенмен елімізде тіркеліп, заңды жұмыс істеп жатқан олардың не көздегенін құзырлы мекемелер анықтай жатар.

Тағы да оқыңыз:

Қолым әдемі емес екенін білем: Ауыл келінінің жазбасы көпшіліктің назарын аударды (фото)

Тілін кәлимаға келтірген тоты құс елді таңғалдырды (видео)

ОҚО-да салмағы 11 келі ғана болатын 10 жасар қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
27.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар