Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның мерей тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады

Сәрсенбі, 25 Қараша , 2015 7:54

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойын халықаралық деңгейде атап өту бастамасын алғашқылардың бірі болып Әзірбайжан мемлекеті қолдады. ЮНЕСКО бекіткен атаулы мерекеге байланысты алдағы жылы бірқатар ауқымды шаралар өткізілмек.

букейхан

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.Алдымен наурызда Астанада Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған халықаралық конференция ұйымдастырылмақ. Оған әрісі Америкадан, берісі Ресейден бірқатар алаш тарихын зерттеген ғалымдар шақырылған. Одан бөлек, алаш көсемінің еңбектерін 16 том етіп жарыққа шығару  көзделіп отыр. Ғалымдар ЮНЕСКО сынды ұйым қолдаған мерейтойды ел болып атап өтпесе болмайды дейді. Өйткені, халықаралық ұйым мұндай шараларды өткізуге талапты күшейткен екен.

– Жаңа бағдарлама бойынша әлемдік маңызы бар, оның ішінде кем дегенде аймақтық  маңызы бар тарихи тұлғалардың мерейтойын ғана ЮНЕСКО-ның қатысуымен атап өту туралы жаңа бағдарлама қабылдаған. Сол қатаңдатылған бағдарламаның аясында Әлихан Бөкейханды ЮНЕСКО шынында да әлемдік тұлға ретінде, даңқты бүкіләлемдік тұлға деп шынайы мойындап, осындай шара қабылдап отыр.- “Алаш” ҒЗИ директоры Cұлтан Хан Ақұлы

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар