Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Алматы тауерстегі» өртке қатысты өткен сот отырысында орталық жұмысшысы бар шындықты жайып салды

Мұны сол жұмысшылардың бірі бүгін сотта жайып салды. Батут орталығын тезірек ашпақ болған басшылық дәнекерлеу ісін демалыссыз әрі өрт қаупі жоғары жерде жасатыпты. Яғни, айнала тез жанатын материалға толы болған көрінеді. Тіпті, бұл үшін орталыққа бір рет ескерту жасалған екен, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Бірақ, қауіпсіздік бойынша инженердің сөзін Дәурен Тұяқов құлаққа ілмеді дейді куәгер. Тек айыпталушының сөзі бұған қарама-қайшы. Негізі сараптама да өткен жылы болған өрттің дәнекерлеу барысында шыққан ұшқыннан тұтанғанын анықтаған. Сондықтан Тұяқовпен қатар, бір дәнекерлеуші сотталып жатыр. Ал, тағы біреуі төтенше жағдай кезінде қаза тапқан еді. Бұған қоса, тілсіз жаудан өрімдей 5 жігіт тұншығып өлді.

«Қауіпсіздік бойынша инженер келгенде, мен жоғарыда дәнекерлеп жүрдім. Ол жұмысты тоқтатуды талап етті. Өйткені, жан-жағымда қоқыс көп болды. Шоқ ұшып, өртке себеп болуы мүмкін болғандықтан, оны шығарып тастауды сұрады. Сәйкесінше, мен басшылықтың қоқысты тазалауын күттім. Бірақ, ешкім ештеңе істеген жоқ. Біз мұндай жерде жұмыс істеудің қауіпті екенін ескерткенбіз», – дейді куәгер Андрей Саяден.

Оқи отырыңыз:

Алматыда 44 мың теңгеге жүргізуші құжаты сатылып жатыр

«Эйр Астана» мен Алматы әуежайы ұшу жолағындағы апатқа қатысты дауласып қалды

Тараздағы жылуға жауапты мекемелер қысқа дайын болмай шықыты

Ресейлік телеарналар Қазақстан аумағында хабар тарататын болды

Талқылау